Қызметтен түнгі бірде хабарласып алып тастады, қазір сол адамдар істі болып жатыр - Бақтияр Артаев

  Переглядів 29,973

Бірінші бол

Бірінші бол

Місяць тому

Астана қаласында Афина олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаевтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарысқа Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдердің де боксшылары қатысып жатыр. 14 салмақ категориясы (жастар - 7, жасөспірімдер - 7) бойынша төрт елден жиналған 286 спортшы бақ сынап жатыр.
Осы дода қарсаңында той иесі Бақтияр Артаевпен арнайы әңгіме құрып, қазақ боксының қазіргі жай-күйі, Париж олимпиадасы жайлы талқыладық.
Олимпиада чемпионы Астанадағы турнирді ұйымдастыруға кім мұрындық болып жатқанын айтты. Алдағы жылдары бұл турнир (Бақтияр Артаевтың жүлдесі үшін) дәстүрге айналып, оған қатысатын елдердің географиясы да кеңеюі мүмкін.
Одан бөлек, Бақтияр Артаев қазір немен айналысып жүргенін айтып, соңғы 2-3 жылдан бері неге көп көрінбей кеткенін түсіндірді. Боксшы қазір бизнесте жүр. Тараз қаласында мейрамхана мен сән салонын ашып, 50 шақты адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр екен.
Ел арасында "Бақтияр Артаев олимпиаданың үздік боксшысына берілген Баркер кубогын сатып жіберді" деген әңгіме бар. Боксшы бұл әңгіменің қайдан шыққанын түсіндірді және Баркер кубогын сатпағанын, қазір оның дубликатын күтіп отырғанын айтты.
Өте қызық подкаст болды. Артаев енді мемлекеттік қызметке орала ма? Қызмет ұсынса дайын ба? Міне, осы және басқа да әңгімелерді естігіңіз келсе, подкасты соңына дейін көріңіз.
Сайтымыз: 1bol.kz/
"Бірінші гол" арнамыз - / @1golkz
Басқа платформалар:
Apple Podcasts: podcasts.apple.com/kz/podcast...
Google Podcasts: podcasts.google.com/feed/aHR0...
Яндекс Музыка: music.yandex.ru/album/2790940...
Подкаст жүргізушілері:
Уәлихан Қосанбай - / ualikhan_kosanbay
Аслан Қаженов - / kazhenov.aslan
Подкаст қонағы:
Бақтияр Артаев - / bakhtiyar_artayev
Подкасты тайм-код арқылы көру:
00:06 Бақтияр Артаевтың құрметіне арналған турнирді өткізуге кім мұрындық болды?
09:20 "Мен 2030, 2050 сияқты бағдарламамен өмір сүре алмаймын. Қазір, бүгін істе!
10:18 Мені қызметтен кетіргендердің алды қазір сотталып жатыр
12:28 Шенділерді ауылға әкім қылып жіберу керек: кімнің боксшы, кімнің экономист екенін көреміз
15:04 Қызмет - әкемнен қалған тақ емес. Ешкімге ренішім жоқ
17:34 Майкл Пейнге 500 млн теңге төледік. Негізі мықты мамандар ауылдарда жүр
22:06 Алдымен мінез, жүрек керек...
24:12 Афина олимпиадасында "алтын" үшін таласатын соңғы спортшы болғанымды білген жоқпын
27:40 Олимпиададан оралған бойда үстіме "Нұр Отан" футболкасын кигізіп қойды
34:03 Баркер кубогын сатып жібергені рас па?
36:39 Бейжің олимпиадасынан кейін 3 ай төсек тартып жатып қалдым
43:34 Керісінше, мен жолы болғыш жігітпін!
44:38 Шын мықтыны білгіңіз келсе, халық алдында спарринг өткізу керек
46:27 "Өткелде ат ауыстырма". Кеңес Рақышевты неге алып тастады?
48:37 Дулат Бекбауов 63,5 келі салмаққа тым кеш ауысып жатқан жоқ па?
56:06 Бақтияр Артаев Париж олимпиадасынан не күтеді?
#біріншібол #бокс #подкаст

КОМЕНТАРІ: 192
@birinshibol
@birinshibol Місяць тому
Біздің телеграмға кіріп және серіктестерімізден бонустарды алыңыз: t.me/birinshybol/4498
@user-zr8zz7yk3f
@user-zr8zz7yk3f Місяць тому
Торехан сабырхан катыспайды ма не спаринг ке?
@user-jd7ic6tt7l
@user-jd7ic6tt7l Місяць тому
Білімі жағынан Ермахан мен Серіктен асып түсетін. Жан-тәнімен Қазақ үшін еңбек еткен Азамат. Болашақта министр болуыңа тілектеспін.
@user-mj6wm7xc2d
@user-mj6wm7xc2d Місяць тому
Министр емес,Осы жүрісі жақсы.
@nurdauetdaulbay9905
@nurdauetdaulbay9905 Місяць тому
Серик ол уже системанын адамы боп кеткенго
@user-lt5cn2le4p
@user-lt5cn2le4p Місяць тому
Аумин
@user-zm4ou2ci8u
@user-zm4ou2ci8u 26 днів тому
МЕН ШЫМКЕНТТІК АҒАЛАРЫҢМЫН, МЫНА БАҚТИЯРДЫҢ СӨЗДЕРІНЕ РИЗАМЫН, МЕН.БАҚТИЯР ЧЕМПИОН БОЛЫП КЕЛГЕН ЖЫЛЫ КЕЗДЕИ СОҚ БІРКӨЛІК ШИПАЖАИЫНДА КЕЗДЕСІП ҚАЛДЫҚ, СОНДА БСРЛЫҚ ҚҰРАМА ҚАМАНДАДАҒЫ БОКЫСШЫЛАР БОЛДЫ, МЕН БАҚТЯРМЕН 5-10- МИНУВТТАИ ЖЕКЕ ОТЫРЫП СӨИЛЕСТІМ СУРЕТКЕ ТҮСТІК, БАҚТИЯР НАҒЫЗ ҚАЗАҚТЫҢ АЗАМАТ ЖІГІТІ ЕКЕНІНЕ КӨЗІМ ЖЕТТІ, ҚАРАПАИМ АҚКӨҢІЛ ЕШ АРТЫҚ СӨЗІ МЕНМЕНДІК ДЕГЕН МАҚТАНУ ДЕГЕН АТЫМЕН ЖОҚ, ӨТЕ ҚАРАПАИЫМ САЛМАҚТЫ ҚАЗАҚТЫҢ НАҒЫЗ АЗАМАТ ЖІГІТТІ ЕКЕН БІЛДІМ, КӘЗІРГІ КЕЗДЕ НАҒЫЗ СПОРТ МИНИСТРЫ БОЛМАСА БАСҚА СПОРТ ЖӨНІНЕН БАСШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ОТЫРАТЫН НАҒЫЗ САУАТТЫ ҚАЗАҚТЫҢ МЫҚТЫ ЖІГІТІ ҒОЙ, ОСЫ ЖІГІТТІ КӨРЕАЛМАУШЫЛЫҚ БОЛДЫ, ЙТТІК ЖАСАДЫ ДЕП ОИЛАИМЫН, ӘЛІДЕ ОСЫНДАИ ЖІГІТІМІЗДІ СПОРТТАН ШЕТТЕТІП ЖҮРГЕНІМІЗ ӨТЕ ӨКІНІШТІ, МҮМКІН БАСШЫЛАР ОИЛАНАР ДЕП ОИЛАИМЫН.
@user-ny2zr9zp8d
@user-ny2zr9zp8d Місяць тому
Байсалды,Сабырлы Текті жігіт екен Бақтияр Сәттілік🔥🔥
@user-de7jv5uh6w
@user-de7jv5uh6w Місяць тому
Бақтияр Артаев бауырымыз ...спорт министрлігін басқаратын азамат.Нағыз сол саланың маманы.🤝✊️✊️✊️
@user-mu3lt7pb3t
@user-mu3lt7pb3t Місяць тому
Афина олимпиадасы әлі есімде. Ол кезде мектеп оқушысымын. Олимпиаданың соңғы күні еді. Әлі бізде алтын жоқ бокста. Жеңіске жеткен уақытында, көк ту желбіреп ән ұран айтылған кезде көзге жас келіп, түн ішінде қосылып айтып едім Кентау қаласынан, Хантағы ауылында. Бақтияр Артаев рақмет саған! Өзің секілді үлгілі чемпиондар көп болсын!
@Assetski089
@Assetski089 Місяць тому
Жақсы пікір
@gulzhan7018
@gulzhan7018 Місяць тому
Менің де есімде. Жасым 26 да. Қатты қуанып, теледидар алдында оң қолымды жүрегіме ұстап тұрдым Бахтияр батырмен бірге ...
@baytursynkarimbaev5949
@baytursynkarimbaev5949 Місяць тому
Память жақсы екен барлық бойды барлық жарыстың бәрін дәл айтып отыр таң қалып отырмын сөзге де шебер екен нағыз қазақ ер жігіті екен.
@user-pq6wv9si2x
@user-pq6wv9si2x Місяць тому
Ислам Байрамуков және Ақжүрек Таңатаров Бақтияр Артаев нағыз спортқа жаны ашитын азаматтар спортты басқарсын жолдарын бөгемендер.
@realmadrid8276
@realmadrid8276 Місяць тому
Қазақ деп жүрегі соғатын адамдар аман болсын !!!
@user-ys7ie3fv7i
@user-ys7ie3fv7i Місяць тому
Қазақтан шыққан тұңғыш рет бокстан Вэла Баркера Кубогының (олимпиадағы ең мықты боксшы) иегері, еліміздің мақтанышы - Бахтияр Артаев бауырымыз аман болсын!!! Артынан еріген чемпиондарымыз көп болсын!!!
@user-vr6zt8pp9p
@user-vr6zt8pp9p Місяць тому
Бақтиар қазақи жігіт екен ашық әңгіме болды
@Startshou_11
@Startshou_11 Місяць тому
Қазақстаннын ұлттық олимпияда комитетін басқаруға лайық азамат.
@Kamil-il8it
@Kamil-il8it Місяць тому
Бахтияр Қазақы жігіт, Казіргі уахытта белсенді,Елім ,жерім,деген акиқатшылдарға,жол жоқ
@abzalayapov9395
@abzalayapov9395 Місяць тому
Бақтияр қазақ боксының мақтанышы! 🇰🇿🔥🔥🔥
@user-co7tc6nj4m
@user-co7tc6nj4m Місяць тому
Осы інімді Қазақтың батыры өте қатты сыйлаймын,құрмет тұтамын,өте мықты, керемет жігіт
@user-ef6jw6eh7v
@user-ef6jw6eh7v Місяць тому
Ұстанымы биік азамат.Қазақта әр саланың Бақтиярлары көп .Осылардың барлығы ел басқаратын жігіттер.Бірақ жемқор билік ..... .
@user-cy5wc1je8s
@user-cy5wc1je8s Місяць тому
Қазақ спортын көтеру үшін осы Бақтияр Артаевтай азаматтар болу керек. Қазаққа жаны ашитын азамат болу керек. Жұмыс жасай алады, мінез бар.
@user-sg5rr2vn2i
@user-sg5rr2vn2i Місяць тому
Осындай адал жигиттерди жумыс истетпейдигой жагымпаздар ! Бактияр жарйсын ! Колдаймыз !
@user-ys7ie3fv7i
@user-ys7ie3fv7i Місяць тому
Осындай сапалы сұхбат жүргізе білген Асхат пен Уәлихан бауырларымызға да көп көп Рахмет! Жұмыстарыңызға тек қана сәттілік!
@tulegentegi_erjan
@tulegentegi_erjan Місяць тому
Афинадағы алтынның теңдесі жоқ... ЖАРАЙСЫЗ БАҚТИЯР АҒА!!!
@user-nz6zc5nl2j
@user-nz6zc5nl2j Місяць тому
Бахтияр Артаев мырза сози ниети тузи азамат екен, омирди корген … подкаст унады .
@user-pj7mf3cp6j
@user-pj7mf3cp6j Місяць тому
өте ризамын Бақтияға рахмет келгеніңізге өте жақсы сұхбат болды
@user-hc5im6qb4n
@user-hc5im6qb4n Місяць тому
Үлкен рақмет, Бақтияр мырзаны шақырғандарыңызға.✊️
@user-ei6he9fu5v
@user-ei6he9fu5v Місяць тому
Оқушы кезіміздегі қуаныш үшін рахмет Бахтияр аға. Өкінішті ақ соншалықты жаман жауыз халық дұшпандарының жазасыз шалқып жүргендері барлық спорт түрлерінде.
@user-pr9sq1li9y
@user-pr9sq1li9y Місяць тому
Бахтияр өте мәдениетті жігіт. Ризамын аман бол.
@SaYt-pb9wl
@SaYt-pb9wl 29 днів тому
Осындай жігіттер бірігіңдер мына режимнен халықты құтқарудың амалын ойластырайық халқым.
@user-hh2ju4pu3s
@user-hh2ju4pu3s 26 днів тому
Осындай азаматтарды туғызған қазақ елі мәңгі жасасын❤
@user-hc5im6qb4n
@user-hc5im6qb4n Місяць тому
Ғажап сұхбат ,үлкен рақмет!
@TheAday777
@TheAday777 Місяць тому
Бақтияр аман жүр брат! 🔥✊
@baytursynkarimbaev5949
@baytursynkarimbaev5949 Місяць тому
Керемет Керемет сөзінде жан бар.осындай тірі болсаң алға жылжисың.
@user-mj7bs8of8s
@user-mj7bs8of8s Місяць тому
Мықты жігіт. Боксты қолға алса екен осы жігіт.
@Whymkent
@Whymkent Місяць тому
Керемет Подкаст болды
@user-cv4vm9si7h
@user-cv4vm9si7h 23 дні тому
Бақтияр қазақтың мақтанышы, өз ойын жақсы жеткізеді. Жұмыссыз жүргені ұлтқа сын. Мына екі журналист жағаласып сөз бермеді ғой, не деген мәдениетсіздік...
@user-ue8jm5qx9c
@user-ue8jm5qx9c Місяць тому
Азамат жігіт, шыншыл
@user-uj9fe1ce3v
@user-uj9fe1ce3v Місяць тому
Алдагы уакытта тагы шакырсаныздар Бактияар агамызды оте керемет сухбат болды.Кишкене шолимиз канбаи калды.Аитылатын козгаитын бираз дуниелер бар.Коп коп Рахмет сиздерге Алла разы болсын
@benkara270
@benkara270 Місяць тому
Нағыз басшы болуға лайық жігіт🇰🇿✊️намысы бар жігіт
@Azadbaw1990
@Azadbaw1990 Місяць тому
Менде мумкиндик болганда бокс федерация спорт министрне сайлайтын едим
@user-wn4bw7lw6c
@user-wn4bw7lw6c Місяць тому
Ермаш,Олжастармен Бәкенді тагы шакыру керерек👍
@Almat_Karpyk
@Almat_Karpyk Місяць тому
Біле-білсе қазіргі боксшылар көруге міндеттеу керек қой...
@AbilkhairIssakulov
@AbilkhairIssakulov Місяць тому
Бахтияр ағама рақмет 2004 жылғы Афина алтыны үшін.
@user-cr3jq5fq6x
@user-cr3jq5fq6x Місяць тому
Керемет сұқбат болды. Алла жар болсын
@user-nt2pl9oq1p
@user-nt2pl9oq1p Місяць тому
Бақтияр аман бол бауырым сен қзақтың мақтанышысың
@user-jo1bf2pv6p
@user-jo1bf2pv6p Місяць тому
Аслан өте орынды дұрыс айтты Ауылдан келген қара домалақ балдарды қолдау қажет Ұлттық арнадан Қазспорттан көрсету ҚАЖЕТ ТҮНІ КҮН🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@Gaziz921
@Gaziz921 Місяць тому
😊Мықты жігіт
@user-dh2wb6qn8g
@user-dh2wb6qn8g Місяць тому
Бақтияр жақсы сөйлейді екен
@user-qv9ht5fj9z
@user-qv9ht5fj9z Місяць тому
Артаев өте керемет мықты жігіт, асар асуы алда Құдай қаласа. Лебед орнына лайык еді. Жақсы орынға отырсын , өзінің ісін дәлелдеп көк туды желбіреткен батыр
@user-el1nf7pn4z
@user-el1nf7pn4z Місяць тому
Ливит шыгар
@user-tl5em7he8p
@user-tl5em7he8p Місяць тому
Қазақтың батыры батыр болса Бақтиярдай болсын!
@user-se7mc8nb3z
@user-se7mc8nb3z Місяць тому
Оте дурыс ангиме айтыпты жарайсыз ✊️
@user-vb8pd3gpaaa
@user-vb8pd3gpaaa Місяць тому
Бактияр Мыкты азамат екен
@user-qp7gj7mo1m
@user-qp7gj7mo1m Місяць тому
Нағыз басшы, нағыз лидер Бақтияр ! Танысы бар, таланты жоқ дүмше басшы емес, нағыз білгір Бақтияр сықылды алымды жастарды басшы қою керек !
@Zh.Zh.Zh.89
@Zh.Zh.Zh.89 27 днів тому
Қазақтың бокс федерациясын басқаратын азамат қой, өзін өзі дамытып жүреді.
@user-sf5dr1pl4p
@user-sf5dr1pl4p Місяць тому
Келесі подкаст Бақыт Сарсекбаевпен болса чемпионмен
@user-cy6sk8eu7y
@user-cy6sk8eu7y Місяць тому
Бактияр Артаев мыкты
@meruertkelerkhanova3292
@meruertkelerkhanova3292 25 днів тому
Бақтияр өте мықты жігіт
@user-pf1ty2py8w
@user-pf1ty2py8w Місяць тому
Бахтияр, Аслан сияқты жігіттердің бетін қақпай, аузын жаппай спорт саласында жақсы қызметке қойса, ел спорты қарқынды дамиды. Жемкорлықтык тубіне балта шабатын осындай жігіттерге қолдау танытайық.
@bekqazaq5833
@bekqazaq5833 Місяць тому
Бақтияр, Ислам Байрамуков, Ақжүрек тыңдасаң нағыз батырдың сөздері , ешқандай мен меншілдік жоқ. Олимпиада комитетінің президенті осы үшеуінің біреуі болсы екен деп едік.
@user-cc6fy8xy6c
@user-cc6fy8xy6c 28 днів тому
Салиқалы сұхбат екен. Бәрекелде!
@user-mz4lz5di1h
@user-mz4lz5di1h Місяць тому
Бақтияр Баүрым Аман Жүр .
@user-px9jf6kg2d
@user-px9jf6kg2d Місяць тому
Біразыңның... пікірлеріңді, оқыдым!!! Біздің теледидарды қосып қойсақ өңшең басқа жұрттың бокстарын көреміз. Ломоченконың ұтылған ойын қайта қайта көрсетеді , бізге не керегі бар оның бізге . Өз қазақтары мыздың ойындарын көрсетсе нұр үстіне нұр болар еді шіркін. Екі үш қайталап көрсетсе де риза болар едік !!!
@user-sx8xe7fj5x
@user-sx8xe7fj5x 29 днів тому
Осындай жигитер биздин спорты алга тартсын. Саттілік! Жолың болсын!
@user-ww1tx5jt5v
@user-ww1tx5jt5v 24 дні тому
Молодец баурым дурыс айтып отыр
@user-ns8sb1vj4f
@user-ns8sb1vj4f Місяць тому
Бактия нагыз азамат! Чемпион казахи казакка жан ашыр адам. Ермахан, Серик дегендерге караганда нагыз казакка жан ашыр адам спортшы.!
@marfugamarfuga9522
@marfugamarfuga9522 Місяць тому
Жарайсыңдар...
@serikmus4515
@serikmus4515 Місяць тому
Бақтияр ағамызбен дос болсам екен. Не деген азамат💣
@user-sq7kd1xo5h
@user-sq7kd1xo5h 29 днів тому
Ринат пен мақсат туралы айтқанда әдейі бөліп жібердіңіз, біз көзқарасты білгіміз келді, жастарға да үлгі үшін керек еді
@user-zh6ro6wi3n
@user-zh6ro6wi3n Місяць тому
Бахтияр азамат екен👍👍👍
@user-ro9ec3rg9x
@user-ro9ec3rg9x Місяць тому
Кайдагы бир спорттан тук хабары жок жаке бакенин туыс таныстарын спорттын бастыгы кып кояд шшс осындай жигиттерди жане ислам байрамуков танатаров артаев сарсекбаев сиякты жаны ашитын жигиттерди бастык кылу керек нагыз спорттын ыстык суыгын корсен жигиттерди
@user-py3xz2mo7l
@user-py3xz2mo7l Місяць тому
Сұхбат керемет болды
@asan-Q-Q
@asan-Q-Q Місяць тому
Керемет подкаст болды. Рахмет!
@Pit-Stop.
@Pit-Stop. Місяць тому
Елі үшін туған жігіттердің бірегейі ғой!!!
@saltannan
@saltannan Місяць тому
Бахтияр дұрыс жігіт
@user-hb6hn7ml7g
@user-hb6hn7ml7g Місяць тому
Тараздагы бокс спорт сарайын кайтарып беру керек.Жеке адамга отiп кететiн болган сон мемлекетке откiзiп кеткен.Кайтарылсын !Бактияр Артаевтын шыгатын биiк шындары алi алда .
@user-wp9fd4yb5b
@user-wp9fd4yb5b Місяць тому
Жарайсың патриот молодец
@user-wc6im1sf7s
@user-wc6im1sf7s Місяць тому
Бақыт Сарсекбаевтан сұхбат алсаңыздар
@user-bv1tx7bl8i
@user-bv1tx7bl8i Місяць тому
Баятиярмен Әскерге бірге шакырылганбыз
@Qazaqstan886
@Qazaqstan886 Місяць тому
ОЛЖАСТЫҢ ӨЗІ ЖОҚ, КІМГЕ СҰРАҚ КОЯМЫЗ, 😢😢
@user-hc5im6qb4n
@user-hc5im6qb4n Місяць тому
Ооооо күшті болайын деп тұр.
@user-ow1ul7gi7b
@user-ow1ul7gi7b Місяць тому
дәлелдейтін нәрсемді дәлелдеп тастаға👍.оширп тадгой))
@bolatyetekbayev6841
@bolatyetekbayev6841 Місяць тому
Уалихан Қосанбай керемет комментатор, бірақ бір өтінішім банальный монтонный сөздер айтпаса екен. Интонациясымен жұмыс жасаса екен. "Тепті", "тосты", "соқты" и т.д. Осының бәрі бүкіл плюстарын жауып тастайды
@Kenzhebek9596
@Kenzhebek9596 Місяць тому
Красавчик
@Magik87
@Magik87 Місяць тому
Керемет сұкпат
@sirimbetsmagul-eu9rv
@sirimbetsmagul-eu9rv Місяць тому
Спорт министргои даиын турган Бахтияр Артаев!
@theaidyn50-42
@theaidyn50-42 Місяць тому
Адильбек Ниязымбетов агамызды шакырсандар Ол кисиде бираз нарсе биледи гой
@erbolkozhabek2948
@erbolkozhabek2948 Місяць тому
❤❤❤❤
@user-zi2gc3gc5k
@user-zi2gc3gc5k Місяць тому
Олимпиада да 2дуркин Олимпиада чемпионы,алем черионын женген биринши боксёр биздин елде, мыкты.
@user-cx8yw8zn4z
@user-cx8yw8zn4z Місяць тому
Керемет подкаст
@user-qz5kk1pp2s
@user-qz5kk1pp2s Місяць тому
Керемет
@user-dx4be7jm5b
@user-dx4be7jm5b Місяць тому
Бахтиярдын боксер болып турып жеткен жетістігі шыккан шыны улкен енді Бакене озі сияқты чемпионды тарбиелеп шыгару керек
@user-vv9cx7kc1y
@user-vv9cx7kc1y Місяць тому
Адеми сурак ашык жауап еркек
@user-jd7ic6tt7l
@user-jd7ic6tt7l Місяць тому
Спорт басында Бахтияр Артаев,Алия Юсупова сынды адамдар болса,Жоғары қарқынмен дамитын еді.
@No_name12567
@No_name12567 Місяць тому
Астана арнасына кім өзгертіп жатыр, пультты алып койыңдарш. Әзілл
@Suetolog..
@Suetolog.. Місяць тому
казактын намысты жигиттери кайда,Баркер кубогын отанга алып келу керек,анау Умар Кремль дегенге шыгу керек,Баке не должен так это оставлять,это твой кубок это кубок казахского бокса и нации,нужно вернуть,лайкните что бы продвинуть комментарий
@user-hm9uk7du7z
@user-hm9uk7du7z Місяць тому
Бахтияр оригинал кубокты қайтарып алыңыз
@user-is9lv1si1n
@user-is9lv1si1n Місяць тому
✊✊✊✊🔥🔥🔥👍👍👍👍
@user-kk2zf7zh6l
@user-kk2zf7zh6l Місяць тому
🤝👍
@bauyrzhan07
@bauyrzhan07 Місяць тому
Уәке, әдемі подкаст. Боксты бір кісідей білесіз ғой, боксқа қатысты қонақтар болған да өзіңіз минимум эксперт ретінде болуыңыз керек, жүргізетін болсаңыз тіпті жақсы. Бәкең красавчик екеніне күмән болмаған негізі 👊
@erbolkozhabek2948
@erbolkozhabek2948 Місяць тому
❤❤❤
@rauanmuhtarov3771
@rauanmuhtarov3771 Місяць тому
🔥🔥🔥
@user-lh6gm1ks9d
@user-lh6gm1ks9d Місяць тому
VIP КАЗАК казирги заманнын
@user-rt5wm8de3e
@user-rt5wm8de3e Місяць тому
Менің ағам жылаған и 2/3күн жуған 2004жылы
@user-vx2xt4gu2x
@user-vx2xt4gu2x Місяць тому
👏👏🇰🇿🇰🇿
одни дома // EVA mash @TweetvilleCartoon
01:00
EVA mash
Переглядів 5 млн
Kitten has a slime in her diaper?! 🙀 #cat #kitten #cute
00:28
Повістки у Києві: «Яке право вони мають забирати всіх мужиків?» #війна #мобілізація #військові
00:41
Слідство.Інфо | Розслідування, репортажі, викриття
Переглядів 1,7 млн
Мусаның Қытайдағы қызықты видеолары
11:26
Қазақша кино шолу
Переглядів 27 тис.
«ПАРАСАТ МАЙДАНЫ». 2004 жылы НАТО құрамына кірген елдер
29:44
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Переглядів 20 тис.
WHEN WILL BE YOUR PRIME?🐐
0:20
Joris
Переглядів 16 млн
Самый Неожиданный Поворот Кармы
0:33
Голову Сломал
Переглядів 2,5 млн